Педагог мәртебесі – білім сапасының негізі: Жетісу облысының білім саласында сапаны қамтамасыз етілу департаментінің басшысы Алишер Башаров республикалық басылымға берген сұхбатында мемлекеттің болашағы тікелей ұстаздың мәртебесі мен кәсіби біліктілігіне байланысты екенін атап өтті. Мақалада заманауи білім беру жүйесіндегі мұғалімнің жаңа рөлі, жасанды интеллект дәуіріндегі тәрбие мен білімнің сабақтастығы, сондай-ақ педагогикалық кадрлардың құқықтық қорғалуы, әлеуметтік қолдау мен үздіксіз кәсіби дамуы сияқты маңызды бағыттар жан-жақты сөз болып, облыс көлемінде бұл бағытта атқарылып жатқан жүйелі жұмыстарға ерекше тоқталды.