Адалдық және ашықтық қағидаттарын қамтамасыз ету мақсатында, Жетісу облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған 1 отырыс өткізді.
Отырыста департамент қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары түсіндіріліп, әсіресе жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер, білім беру ұйымдарын аттестаттау және білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру кезінде барлық құқықтық нормаларды қатаң сақтау қажеттігіне ерекше назар аударылды.
Басқа өңірлерде орын алған нақты жағдайлар талданып, тексеру барысында анықталған құқық бұзушылықтар қарастырылды және олардың салдары түсіндірілді. Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына осындай заңбұзушылықтарға жол беруге болмайтыны және олардың алдын алу департамент жұмысының басым бағыттарының бірі екені айтылды.
Адалдық пен ашықтық қағидаттарын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыс қолданыстағы заңнама аясында және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың озық тәжірибелерін ескере отырып жалғасатын болады.