2025 жылдың ІІ жартыжылдығындағы білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестаттау жоспарына сәйкес 46 мемлекеттік мектепте аттестаттау өткізілді (жоспар – 46, орындалуы – 100%).
Мемлекеттік аттестаттаудың қорытындысы бойынша 13 (28%) мектеп аттестатталды. 33 мектептің (72%) білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты аттестатталмады.
Бұзушылықтарды жою нәтижесінде 6 балабақша, 10 мектепке қайталама аттестаттау жүргізілді. Нәтижесінде 1 балабақша қайталама аттестаттаудан өте алмады. Қайта аттестаттаудан өте алмаған білім беру ұйымы 2026 жылға профилактикалық бақылау тізіміне енгізілді.