2025 жылдың ІV тоқсанда білім беру ұйымдарына жүргізген мемлекеттік аттестаттау қорытындысы

2025 жылдың ІV тоқсанда бекітілген жоспар бойынша 46 мектепке мемлекеттік аттестаттау жүргізілді.

Мемлекеттік аттестаттаудың қорытындысы бойынша 13 (28%) мектеп аттестатталды. 33 мектептің (72%) білім беру қызметі   мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты аттестатталмады.

Мемлекеттік аттестаттау барысында анықталған кемшіліктер:

- 22 мектепте жұмыс оқу жоспары мен сабақтар кестелері бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына сәйкес келмейді;

- 12 мектепте жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылатын оқу пәндерінің базалық мазмұны игерілмеген;

- 4 мектепте білім алушылардың жеке мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, бейінді оқытуды іске асыру (оқытудың тереңдетілген және стандартты деңгейі)талапқа сәйкес келмейді;

- 7 мектепте ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылардың ерекшеліктерін және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып оқыту процесі ұйымдастырылмаған;

- 4 метепте ҮОЖ сәйкес жүзеге асырылатын вариативтік компоненттің факультативтері мен таңдау курстары  іске асырылмаған;

- 10 мектепте "Өмір қауіпсіздігінің негіздері" міндетті оқу курсы игерілмеген;

- 12 мектепте "Жолда жүру ережелері" міндетті оқу курсын іске асырылмаған;

- 16 мектепте беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін сақталмаған;

Оның ішінде:

- Негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің педагогтердің жалпы санынан үлесі сәйкес емес -3;

- мектеп ғимаратына санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды жоқ -2;

- химия, биология, физика пәндері бойынша оқу зертханалары жоқ -1;

- педагогтер тиісті бейіні бойынша біліктілік арттыру курстарынан өтпеген -10;

- 3 мектепте білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі сәйкес емес;

- 3 мектепте  сыныптарды, оның ішінде инклюзивті білім беру шеңберінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, топтарға бөлуге қойылатын талаптар сақталмаған;

- 27 мектепте білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарына сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асыру мен қалыптастырушы және жиынтық бағалау талаптары сақталмаған;

- 2 мектептің 4,9 сынып оқушылары кешенді тестілеуден тиісті деңгейден (40%) төмен нәтиже көрсетті;

- 17 мектептің  қызметі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес емес.

Мемлекеттік аттестаттау барысында анықталған кемшіліктер бойынша білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсынымдар берілді.

 

 

 

Дата публикации
30 декабря 2025