Жетісу облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2025 жылғы жұмысы туралы есеп

Білім беру саласындағы мемлекеттік бақылау шаралары- білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау, бару арқылы профилактикалық бақылау, біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру, өтініштер бойынша жоспардан тыс тексерулер, білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (ББЖМ) және мониторингтер.

2025 жылға жоспарланған 106 білім беру ұйымында, оның ішінде  50 мектепке дейінгі ұйым (35 мемлекеттік, 15 жекеменшік), 56 мектепте (мемлекеттік) мемлекеттік аттестаттау 100% жүргізілді.

       Мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша 11 (9 мемлекеттік, 2 жекеменшік) балабақша (22%), 14 мектеп (25%) бірінші реттен  аттестатталды.

39 балабақша, 42 мектептің қызметі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес келмеуіне байланысты аттестатталмады.

Мемлекеттік аттестаттау барысында анықталған негізгі кемшіліктер:

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары бойынша:

 - жұмыс оқу жоспарлары мен ұйымдастырылған іс-әрекеттерінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес келмеуі;

- МДТО үлгілік оқу бағдарламасының орындалмауы;

- тәрбиеленушілердің дамуын бақылау (бастапқы) нәтижелерінің болмауы;

- тәрбиеленушілердің жетістіктерін бақылау нәтижелерінің болмауы (қорытынды);

- оқу жүктемесінің максималды көлеміне қойылатын талаптардың сақталумауы;

- жас топтарын қалыптастыруда балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, талаптардың сақталмауы;

Бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдары бойынша:

- 27 мектепте оқу жұмыс жоспары бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарына сәйкес келмейді (Ақсу ауд. – 2, Алакөл ауд. -5, Талдықорған қ. -1, Ескелді ауд.-2, Қаратал ауд. – 1, Кербұлақ ауд.-6, Көксу ауд.-1, Панфилов ауд.-7, Сарқан ауд. -2);

- 16 мектепте  жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылатын оқу пәндерінің базалық мазмұны игерілмеген (Ақсу ауд. – 4, Алакөл ауд. -3, Ескелді ауд.-3, Қаратал ауд. – 1, Кербұлақ ауд.-1, Панфилов ауд.-1, Сарқан ауд. -3);

- 13 мектепте "Өмір қауіпсіздігінің негіздері" міндетті оқу курсы игерілмеген (Ақсу ауд. – 2, Алакөл ауд. -2, Ескелді ауд.-3, Қаратал ауд. – 1, Кербұлақ ауд.-2, Көксу ауд.-1, Панфилов ауд.-2);

- 13 мектепте "Жолда жүру ережелері" міндетті оқу курсы іске асырылмаған (Ақсу ауд. – 2, Алакөл ауд. -1, Ескелді ауд.-3, Көксу ауд.-1, Кербұлақ ауд.-1, Панфилов ауд.-4, Сарқан ауд. -1);

- 4 мектепте негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің педагогтердің жалпы санынан үлесі сәйкес емес (Ескелді ауд.-1, Кербұлақ ауд.-1, Панфилов ауд.-2);

- 15 мектепте педагогтер тиісті бейіні бойынша біліктілік арттыру курстарынан өтпеген (Ақсу ауд. – 3, Алакөл ауд. -4, Ескелді ауд.-3, Кербұлақ ауд.-2, Панфилов ауд.-3);

- 30 мектепте білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарына сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асыру мен қалыптастырушы және жиынтық бағалау талаптары сақталмаған (Ақсу ауд. – 4, Алакөл ауд. -3, Текелі қ.-1, Ескелді ауд.-2, Қаратал ауд. – 2, Кербұлақ ауд.-7, Көксу ауд.-1, Панфилов ауд.-8, Сарқан ауд. -2);

- 2 мектептің 4,9 сынып оқушылары кешенді тестілеу барысында тиісті деңгейден (40%) төмен нәтиже көрсетті (Қаратал ауд. -2).

  Мемлекеттік аттестаттаудан бірінші реттен өтпеген 39 балабақша және 11 мектепте қайталама аттестаттау жүргізілді. Нәтижесінде 3 балабақша (Ақсу ауд. -1, Панфилов ауд.-2) қайта аттестаттаудан өтпей 2026 жылға бару арқылы профилактикалық бақылау тізіміне енгізілді. 31 мектепке қайталама аттестаттау жүргізу сұраныстары негізінде 2026 жылға жоспарланды.

Мемлекеттік аттестаттау барысында анықталған кемшіліктер бойынша білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсынымдар берілді.

 

Дата публикации
30 декабря 2025