2025 жылдың бірінші тоқсанында Білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінің Педагогикалық этика жөніндегі кеңесі отырыстар өткізген жоқ, себебі есепті кезеңде педагогтер тарапынан ешқандай құқық бұзушылық анықталған жоқ. Департаментке жеке және заңды тұлғалардан шағымдар, өтініштер, сондай-ақ басқа мемлекеттік және құқық қорғау органдарынан хаттар түскен жоқ.
Дегенмен, Білім беру сапасын қамтамасыз ету департаменті Кербұлақ ауданына іс-сапар ұйымдастырып, отырыс өткізді. Кездесу барысында педагогикалық этика нормаларын сақтау мәселелері талқыланып, «Педагог мәртебесі туралы» Заңның негізгі ережелері түсіндірілді.
Педагогикалық этиканың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс заңнамалық талаптарға сәйкес әрі белгіленген құқықтық нормалар шеңберінде жалғасуда.