Жетісу облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінің 2025 жылдың 1-тоқсан бойынша жүргізілген бақылау шараларының есебі
Жетісу облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің (бұдан әрі – Департамент) құзыреті білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдарына сырттай бағалау жүргізу арқылы білім саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру, мемлекеттік қызмет көрсету мен мемлекеттік бақылау шараларын жүргізу болып табылады.
1.1.Мемлекеттік аттестаттау (бармай профилактикалық бақылау):
Департаменттің негізгі функцияларының бірі ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестататудан өткізу.
Мемлекеттік аттестаттау – білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерінің тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатында жүзеге асырылатын рәсім.
Департаменттің 2025 жылы мемлекеттік аттестататудан өтетін білім беру ұйымдарының тізбесіне сәйкес 108 білім беру ұйымында (52 балабақша, 56 мектеп) мемлекеттік аттестаттау жүргізу жоспарланған.
Ағымдағы жылдың І тоқсанда жалпы 32 (25 мемлекеттік, 7 жеке меншік)
мектепке дейінгі білім беру ұйымына мемлекеттік аттестаттау жүргізу
жоспарланған. 1 жекеменшік балабақша (Талдықорған қ. «Жетісу балдырғаны»
балабақшасы) құрылтайшының шешімімен 25.02.2025 ж. жабылды.
Мемлекеттік аттестаттаудың қорытындысы бойынша 8 (28,8%)
балабақша аттестатталды. 23 (74,1%) балабақшаның білім беру қызметі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты аттестатталмады.
Оның ішінде, 61 білім беру ұйымының (58 мектеп, 3 балабақша) білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келіп, аттестатталды, 2 мектептің (Сарқан ауданы Алмалы орта мектебі, Кербұлақ ауданы Сарыбұлақ орта мектебі) білім беру қызметі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізігі орта, жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты аттестатталмады.
Мемлекеттік аттестаттау барысында МЖМБС талаптарын орындауда жалпы ортақ анықталған бұзушылықтар:
Балабақша бойынша:
- 11 балабақшаның оқу жұмыс жоспарлары мен ұйымдастырылған іс-әрекеттері
МЖМБС талаптарына және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу
жоспарына сәйкес келмейді;
- 20 балабақшада білім беру қызметі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылмайды;
- 14 балабақшада мектепке дейінгі ұйымдардың үлгілік қағидалары талаптары
сақталмаған;
- 11 балабақшада баланың даму мониторингін қамтамасыз ететін және оның
жеке дамуын жоспарлаудың негізі болып табылатын мектеп жасына дейінгі
тәрбиеленушілерді оқыту нәтижелері жүргізілмеген;
- 6 балабақшада тәрбиеленушілердің бастапқы даму мониторингі
жүргізілмеген;
- 5 балабақшада үлгілік оқу бағдарламасына қосымшаға сәйкес балалардың
жасын ескере отырып, тәрбиеленушілердің жетістіктері мониторингісі
(қорытынды) жүргізілмеген;
- 15 балабақшада тәрбиеленушілердің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
үлгілік оқу жоспарында белгіленген оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне
қойылатын талаптар сақталмаған;
- 7 балабақшада балалардың жасын ескере отырып, жас топтарын
қалыптастыру кезінде талаптар сақталмаған.
Мемлекеттік аттестаттау барысында анықталған кемшіліктер бойынша білім
беру ұйымдарына әдістемелік ұсынымдар берілді.
1.3. Департаменттің 2025 жылға арналған мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізіміне сәйкес 1-тоқсанда 10 орта білім беру ұйымында оқыту нәтижелеріне компьютерлік тестілеу жүргізіліп, Департамент қызметкерлері бақылаушы ретінде қатысты. Оң нәтиже алмаған мектеп болмады.
Жетісу облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне 2025 жылдың 1 тоқсанында «E-Otinish» Азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасына жалпы 22 өтініш түсті. Жалпы түскен 22 өтініштің 15 өтініші ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің 65 бабына сәйкес қарау өкілеттігіне кірмеуіне байланысты, келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде әкімшілік рәсімге қатысушыға бір мезгілде хабардар ете (хабарлай) отырып, уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға жолданды. 5 өтінішке Департаментпен жауап берілді. 2 өтініш Департаментте қаралуда.
Жоспардан тыс тексеру арыз-шағым бойынша:
Ағымдағы жылдың 1-тоқсаны бойынша жалпы 3 жоспардан тыс тексеру жүргізілді Оның ішінде 1 жоспардан тыс тексеру ҚР Білім туралы Заңының 59-1 бабы бойынша Білім басқармасына жүргізілді, кемшіліктер бойынша тиісті нұсқама берілді. 2 жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша Талдықорған қаласы, №16 орта мектеп гимназиясына нұсқама берілді, әкімшілік іс қарау мерзімі өтуіне байланысты әкімшілік іс қозғалмады. Көксу ауданы, Егінбаев атындағы орта мектебіне жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілуде.
2.1. Әкімшілік іс жүргізу бойынша:
2025 жылдың 1- тоқсан есебі бойынша 7 әкімшілік іс қозғалды.
ӘҚБтК-тің 409-бабы 2-бөлігі бойынша – 5 іс (2 жеке тұлғаға 5 АЕК, 3 ескерту);
ӘҚБтК-тің 127-1 бабы бойынша – 2 іс (1 лауазымды тұлғаға 10 АЕК, 1 лауазымды тұлғаның ісі соттың қарауынды)