2024 жылдың ІV тоқсанда білім беру ұйымдарына жүргізген мемлекеттік аттестаттау қорытындысы туралы есебі

 

2024 жылдың ІV тоқсанда жалпы 72 мектепке (мемлекеттік) мемлекеттік аттестаттау жүргізілді.

 

№

Қала/аудан

Барлығы

Аттестат-

талды

Аттестат-

талмады

1.

Сарқан

12

 

12

2.

Ескелді

3

 

3

3.

Ақсу

8

 

8

4.

Талдықорған

4

2

2

5.

Алакөл

12

 

12

6.

Панфилов

22

4

18

7.

Кербұлақ

7

 

7

8.

Көксу

1

 

1

9.

Текелі

2

2

0

10.

Қаратал

1

 

1

 

Барлығы

72

8 (11,1%)

64 (88,8%) 

 

Мемлекеттік аттестаттаудың қорытындысы бойынша 8 (11,1%) мектеп (Панфилов ауд. Б.Момышұлы атындағы ОМГ, Панфилов ауд. Пиджим ОМ, Панфилов ауд. Ы.Алтынсарин атындағы ОМ, Панфилов ауд. Х.Көбіков атындағы ОМ, Текелі қ. №3 ОМ, Текелі қ. №5 ОМ, Талдықорған қ. Құлжабай Қасымов атындағы № 28 IT мектеп-гимназиясы, Талдықорған Білім-Инновация  мамандандырылған лицей-интернаты) аттестатталды. 64 (88,8%)  мектептің білім беру қызметі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты аттестатталмады.

 

Бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдары бойынша анықталған кемшіліктер:

 

- 18 мектепте жұмыс оқу жоспары мен сабақ кестелері үлгілік оқу жоспарына сәйкес емес:

- 16 мектепте оқу бағдарламалары толық орындалмаған;

- 5 мектепте білім алушылардың жеке мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, бейінді оқытуды іске асыру жүзеге асырылмаған (оқытудың тереңдетілген және стандартты деңгейі);

- 10 мектепте оқыту процесін ұйымдастыру барысында ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылардың ерекшеліктерін және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып жағдай жасалмаған;

- 11 мектепте ҮОЖ сәйкес жүзеге асырылатын вариативтік компоненттің факультативтері мен таңдау курстары толық іске асырылмаған;

- 27 мектепте «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» міндетті оқу курсының игерілмеген;

- 23 мектепте «Жолда жүру ережелері» міндетті оқу курсының іске асырылмаған;

- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы №473 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі талаптарының сақталмаған. Оның ішінде:

  1. Негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің педагогтердің жалпы санынан үлесінің сәйкес келмеуі -5 мектеп;
  2. Педагогтердің диплом бойынша мамандықтарының тиісті бейіндеріне сәйкес келемуі -5 мектеп;
  3. Педагогтердің үш жылда бір реттен сиретпей (оның ішінде басшы, басшы орынбасарларының) біліктілігін арттыру курстарынан өтпеуі -11 мектеп;
  4. Тамақтану объектісіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы жоқ -1 мектеп;
  5. Оқу ғимаратына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы жоқ -8 мектеп;

- білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемінің сақталмауы – 1 мектеп;

- 3 мектепте сыныптарды топтарға бөлуге қойылатын талаптар сақталмаған;

- 31 мектепте білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарына сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асыру мен қалыптастырушы және жиынтық бағалау талаптары сақталмаған;

- 8 мектепте ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларды оқыту кезінде инклюзивті білім берудің (дамудың бұзылуын түзету және әлеуметтік бейімдеу) талаптары орындалмаған;

- 3 мектепте 4,9 сыныптардан алынған кешенді тестілеу барысында білім алушылар «қанағаттанарлықсыз» (40%-дан төмен) бағаға жауап берді;

- 41 мектепте мектеп жанындағы шағын орталықтар қызметінің  мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптарына сәйкес келмейді.

 

Мемлекеттік аттестаттау барысында анықталған кемшіліктер бойынша білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсынымдар берілді.

 

 

Дата публикации
26 декабря 2024