Жетісу облысында жалпы 41 білім беру мекемесінің біліктілік талаптарына сәйкестігі тексерілді, оның ішінде 27 білім беру мекемесінен Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексінің 464-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны анықталып, әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар 11 білім беру мекемесінің мемлекеттік лицензиясы уақытша тоқтатылды. Тексеріс қорытындысынан кейін 27 білім беру мекемелеріне Қазақстан Республикасының заңнама талаптарының бұзушылықтарын жою туралы нұсқама берілді.