Департаментке түскен өтініштер негізінде 4 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Ескелді ауданында шағым бойынша тексеріс жүргізіліп, заң бұзушылықты жою туралы нұсқама берілді. Сондай-ақ Сарқан ауданында шағым бойынша жоспардан тыс тексері жұмыстары жүргізіліп, заң бұзушылықты жою туралы нұсқама беріліп, өтініш қанағаттандырылды. Ақсу және Панфилов аудандарында жоспардан тыс тексеру жүргізілді, бұзушылықтар анықталмады.