Мемлекеттік аттестаттау туралы (қантар-мамыр)

Бекітілген кесте бойынша Жетісу облысында 2024 жылға 139 білім беру ұйымы мемлекеттік аттестаттаудан өтеді.  2024 жылдың басынан жалпы 28 білім беру ұйымына мемлекеттік аттестаттау жүргізілді. Оның ішінде 14 мектепке дейінгі білім беру, 14  бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдары. Мемлекеттік аттестаттаудың қорытындысы бойынша 2 (14,2%) балабақша аттестатталды, 12 (85,7%) балабақша аттестатталмады,     3 (21,4%) мектеп аттестатталды,  11 (78,5%)  мектептің білім беру қызметі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты аттестатталмады.

Дата публикации
29 мая 2024