Әдеп жөніндегі уәкіл қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қамтамасыз етуге, қызметтік тәртіпті нығайтуға және ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізуде.
Есепті кезеңде Жетісу облысының білім басқармасы өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізілді. Кеңес барысында қызметтік әдеп нормаларын сақтау, жанжалды жағдайлардың алдын алу және өзара сыйластыққа негізделген қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселелері қаралды. Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне ішкі талдау жүргізіліп, оның барысында атқарылып жатқан профилактикалық жұмыстар мен сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу шаралары қаралды.
Тұрақты негізде мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары өткізілді.
Ұжымда тұрақты әрі қолайлы моральдық-психологиялық ахуал сақталуда. Жүргізілген мониторинг нәтижесінде қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері анықталған жоқ.
Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмысы алдағы уақытта да қызметтік әдеп қағидаттарын нығайтуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға және мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталып, жалғасын табады.