2026 жылдың 3 тоқсанда орта білім беру ұйымдарына жүргізілген мониторингтер

Жетісу облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 2026 жылғы III тоқсанда орта білім беру ұйымдарында мектепішілік бақылаудың іске асырылу жағдайына, сондай-ақ мектептердің 2026–2027 оқу жылының басталуына дайындығына мониторинг жүргізді.

Мониторинг барысында мектепішілік бақылауды ұйымдастыру, бақылау іс-шараларын жоспарлау және орындау, педагогтердің қызметін әдістемелік сүйемелдеу, білім алушылардың білім сапасын талдау, мектеп құжаттамасын жүргізу, сондай-ақ басқарушылық шешімдердің тиімділігі зерделенді.

2026–2027 оқу жылына дайындық және оның басталуы аясында мектептердің материалдық-техникалық базасының жай-күйі, оқу кабинеттерінің дайындығы, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының орындалуы, оқулықтармен қамтамасыз етілуі, қауіпсіздік талаптары мен санитариялық нормалардың сақталуы, сондай-ақ білім беру процесін ұйымдастыру үшін қажетті жағдайлардың жасалуы қаралды.

Мониторинг қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарының басшыларына анықталған кемшіліктер мен оларды жою жолдары түсіндіріліп, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес тиісті ұсынымдар берілді.

Мониторинг нәтижелері білім беру ұйымдарының қызметін жетілдіруге, мектепішілік бақылаудың тиімділігін арттыруға және жаңа оқу жылының басталуына тиісті жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған. Мониторинг қорытындысы бойынша берілген ұсынымдардың орындалуы Департаменттің тұрақты бақылауында.

Дата публикации
02 октября 2026