Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі әдеп нормаларын ілгерілетуге, қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін нығайтуға бағытталған.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша түсіндірмелер жасалды.
Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі талаптарын сақтау бойынша тұрақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осы бағытта профилактикалық іс-шаралар, кеңестер ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілер құқық қорғау органдары өкілдерімен кездесулерге, аппараттық кеңестерге және профилактикалық іс-шараларға қатысты, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды.
Ұжымда тұрақты қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптасқан. Қызметтік әдеп нормаларын сақтау бойынша жүргізілген мониторинг нәтижесінде бұзушылық фактілері анықталған жоқ.
Әдеп жөніндегі уәкіл қызметі алдағы уақытта да мемлекеттік қызметте әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және құқықтық мәдениетті арттыру бағытында жалғастырылатын болады.