2026 жылдың ІІ тоқсанда бекітілген жоспар бойынша 12 балабақшаға (10 мемлекеттік, 2 жекеменшік) мемлекеттік аттестаттау жүргізілді.
Мемлекеттік аттестаттаудың қорытындысы бойынша 4 (33,3%) балабақша аттестаттаудан өтті. 8 балабақшаның (66,7%) білім беру қызметі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты аттестаттаудан өтпеді.
Мемлекеттік аттестаттаудан өтпеген білім беру ұйымдарына анықталған сәйкессіздіктерді жою қажеттілігі туралы хабарлама жіберілді.