"ҰЛЫЛЫҚТЫҢ ҮЛГІСІ-ӘКЕ ТӘРБИЕСІ"-ӘКЕЛЕР ҚҰРЫЛТАЙЫ

"ҰЛЫЛЫҚТЫҢ ҮЛГІСІ-ӘКЕ ТӘРБИЕСІ"-ӘКЕЛЕР ҚҰРЫЛТАЙЫ
"ҰЛЫЛЫҚТЫҢ ҮЛГІСІ-ӘКЕ ТӘРБИЕСІ"-ӘКЕЛЕР ҚҰРЫЛТАЙЫ
🔰2025 жылдың 4 желтоқсан күні «Ұлылықтың үлгісі – әке тәрбиесі» тақырыбында Әкелер құрылтайы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – отбасындағы әкенің рөлін дәріптеу, ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілікті арттыру және қоғамда әке беделін нығайту.
Құрылтай барысында Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы М. Нысанбаев сөз сөйлеп, білім беру жүйесінде ата-ананың, оның ішінде әкенің жауапкершілігі ерекше маңызға ие екенін атап өтті. Ол өз сөзінде:
«Тәрбие – түзелмейтінді түзетіп емес, бұзылмай тұрып бағыт берумен бағалы», – деп, баланың тұлға болып қалыптасуында отбасы мен әкенің шешуші рөл атқаратынын ерекше жеткізді.
Сондай-ақ, ол мектеп пен отбасының өзара тығыз байланысы – баланың қауіпсіздігі мен саналы тұлға болып қалыптасуының басты кепілі екенін атап өтіп, алдын алу тәрбиесінің маңыздылығына тоқталды.
Құрылтайға қатысқан спикерлер әке тәрбиесі, тәртіп, жауапкершілік, ұлттық құндылықтар мен ұрпақ болашағы туралы мазмұнды ойлар айтып, әкенің қоғамдағы рөлін арттыру бағытында нақты ұсыныстар білдірді.
Әкелер құрылтайы – отбасы, мектеп және қоғам арасындағы өзара ықпалдастықты күшейтетін маңызды тәрбиелік алаң болды.