Кешенді тестілеу өткізу

23 сәуір 2025 жылы Департамент басшысы М.А.Нысанбаев Т.Рысқұлов ауданы білім бөлімінің Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектебі және №1 мектеп- гимназиясында 2025 жылдың жоспарына сәйкес 4-ші және 9-шы сыныптардан кешенді тестілеу жүргізді. Тестілеу соңында мектеп ұжымымен кездесіп, білім саласындағы саясат пен өзекті мәселелер талқыланып, мемлекеттік аттестаттаудың маңыздылығы, сыбайлас жемқорлық салдарын болдырмау, педагогтің әдебі мен біліктілігі туралы ашық сұқбат жүргізді.

Жеке қабылдау өткізіп, педагогтердің сұрақтарына жауап берілді.

Сонымен қатар, ұжымдар тарапынан алынған ұсыныстар тізбесі алынып, тиісті мекемелерге жолданатын болады.

Дата публикации
25 апреля 2025