«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің» талаптарын түсіндіру бойынша семинар

Жарияланған күні: 29 қазан 2025
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің» талаптарын түсіндіру бойынша семинар

Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі Ж. Жарлгапбергенов қызметкерлермен семинар өткізіп, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» талаптарын түсіндірді.
Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, қызметтік әдеп мәдениетін қалыптастыру және қоғаммен өзара қарым-қатынас орнату мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар әдеп нормаларын күнделікті қызметте басшылыққа алудың маңыздылығын атап өтті.
📍 Мақсат – мемлекеттік қызметтің ашықтығын арттырып, қызметшілердің әдептілік мәдениетін нығайту.