📚 «Жайлы мектеп» — бала болашағына салынған инвестиция
📚 «Жайлы мектеп» — бала болашағына салынған инвестиция
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, елімізде ауқымды «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Бұл — оқушылардың сапалы білім алып, қауіпсіз, заманауи әрі қолайлы ортада білім алуын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды бастама.
🛠️ Оқу-ағарту министрлігі бұл жоба аясында жаңа форматтағы мектептер салу, оларды заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, балалардың шығармашылық, спорттық және ғылыми әлеуетін дамытуға лайық жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде.
Шығыс Қазақстан облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылып келеді. Биыл өңірде жаңа форматтағы екі мектептің құрылысы жүргізілуде — бірі 900 орындық мектеп Глубокое ауданының Опытное Поле ауылында, екіншісі Өскемен қаласында бой көтеруде. Бұл мектептер оқу үдерісін ұйымдастырудағы заманауи тәсілдерімен, қолайлы инфрақұрылымымен және оқушылар мен мұғалімдерге арналған кеңейтілген мүмкіндіктерімен ерекшеленеді.
Опытное Поле ауылында 300 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын — нысанның дайындық деңгейі 88 пайызды құрайды. Оны маусым айының соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ал 600 орынға арналған тағы бір мектеп облыс орталығы — Өскемен қаласында, Есенберлин даңғылында салынып жатыр. Оның дайындығы қазіргі таңда 67 пайыз, құрылыс шілде айының соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Екі нысан бойынша да жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.
«Жайлы мектеп» жобасы өңірде бұрын басталған болатын: осы уақытқа дейін жалпы 2100 орынға арналған бес заманауи мектеп салынып, пайдалануға берілді. Бұл білім беру мекемелері Өскемен қаласындағы Увалиев пен Тимофеев көшелерінде, сондай-ақ Шемонаиха, Риддер қалаларында және Белоусовка кентінде ашылды. Барлық мектептер облыстық білім басқармасының балансына берілді.
