Азаматтарды қабылдау

Азаматтарду қабылдау

2024 жылы 25 қыркүйек күні Департамент басшысы А.Байжанова азаматтарды қабылдау жүргізді. Қабылдауға Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжінің директоры Оспанов Уралбек Төлегенұлы және оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Б.Темерханова келді

Қабылдау барысында 2025-2026 оқу жылында аталған колледж базасында ШҚО әкімінің тапсырмасы негізінде Шығыс Қазақстан аймағында  мемлекеттік тапсырыс шеңберінде  07160900 «Әуе кемелеріне жерде қызмет көрсету», 07161000 «Әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу», 07161100 «Қашықтықтан басқарылатын авиациялық жүйе» жаңа мамандықтар бойынша орындар ашу жоспарлануда екенін айтты.

Департамент қызметкерлерімен жаңа мамандықтар бойынша лицензия және оның қосымшаларын алу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Оқиға күні

25 қыркүйек 2024

Өткізу орны

Өскемен қаласы, Крылова көшесі, 80

Оқиға түрі

Кездесу