5 қазан - Ұстаздар күні!


2024 жылы 3 қазан куні Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы А.О.Байжанова және қызметкерлер Риддер қаласында болып, Ұстаздар мерекесіне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шараға катысты.
Ұстаздар мерекесі барысында департамент басшысы ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, 25 ұстазға білім саласында қол жеткізген табыстары үшін Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың атынан Құрмет грамоталарды табыстады.
Оқиға күні
06 қазан 2024
Өткізу орны
Риддер қаласы
Оқиға түрі
Кездесу