«Сыбайлас жемкорлык, тауекелдеріне ішкі талдау» тақырыбында семинар-тренинг

«Сыбайлас жемкорлык, тауекелдеріне ішкі талдау» тақырыбында семинар-тренинг

2024 жылы 9 қыркүйек күні Департамент қызметшілерімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөнінде «Сыбайлас жемкорлык, тауекелдеріне ішкі талдау» тақырыбында семинар-тренинг өтті.


Департамент басшысы А.Байжанова семинарға катысушыларды ішкі талдау қағидаларымен, негізгі ұғымдармен және бағыттармен таныстырды.

 Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар, ішкі құжаттардың нормативтік-құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, құқықтық олқылықтар, НҚА және ішкі нормативтік құжаттар ережелерінің қайшылықтары, заңдық-лингвистикалық белгісіздік, дискрециялық өкілеттіктердің ауқымы және т.б. айтылды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және олардың алдын алудың әрбір бағыты бойынша индикаторлар егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Семинар соңында ситуациялық жағдаяттар талқыланып, семинар өз мәресіне жетті.

Оқиға күні

09 қыркүйек 2024

Өткізу орны

город Усть-Каменогорск, Крылова 80

Оқиға түрі

Семинар