Мектепішілік бақылау “1000 мектепке әдістемелік қолдау” жобасы

Мектепішілік бақылау жүргізу бойынша “1000 мектепке әдістемелік қолдау” жобасы аясында облысымыздың 50 мектеп басшыларымен кезекті онлайн/офлайн режімінде кездесулер

✅ 2024 жылы 11-12 қаңтар күндері Шығыс Қазақстан облысы Білім саласындағы сапаны қамтамасыз департаментінің басшысы Айгуль Оралғазықызы Байжанова мектепішілік бақылау жүргізу бойынша “1000 мектепке әдістемелік қолдау” жобасы аясында облысымыздың 50 мектеп басшыларымен кезекті онлайн/офлайн режімінде кездесулер өткізді. Кездесуге қалалық және аудандық әдістемелік кабинеттердің ментор-әдіскерлері және аталған жобаға қатысушы мектеп басшылары қатысты.
🖍️ Қалалық, аудандық тәлімгер-менторлар атқарылған жұмыстар туралы ақпаратпен бөлісті. Кездесуде білім беру мекеме басшылары оқу процесінің сапасын бақылау, білімдегі олқылықтың орнын толтыру бойынша үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс, талаптарға сәйкес мектеп құжаттамасының жүргізілуін, мұғалімнің шеберлік және әдістемелік дайындық жағдайының деңгейін бақылау туралы баяндап жұмыс барысында кездесетін қиындықтармен және кемшіліктермен бөлісті.
📌 Департамент басшысы А. Байжанова білім беру мекеме басшыларын тындап, оқушылардың білім жетістіктерін жақсарту, білім сапасын бақылау және мектепшілік бақылауды ұйымдастырудағы өзекті мәселелер жайлы ой бөлісіп, ұсыныстарын ортаға тастады.
✅ Кездесу қорытындысы бойынша 50 мектепті сүйемелдеу бойынша менторлармен мектеп басшыларының алдағы міндеттері мен жұмыс бағыттары белгіленді. Аталған жұмыс жалғасын тауып, тұрақты түрде жүргізіледі.

Басталу уақыты

11 қаңтар 2024

Соңғы күні

12 қаңтар 2024

Өткізу орны

Өскемен қаласы

Оқиға түрі

Кездесу