ШҚО бойынша Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Зейнеп Махсутованың қатысуымен "Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының жаңа 2023-2024 оқу жылына дайындық мониторингінің қорытындысы" тақырыбында баспасөз конференциясы


Департамент басшысы Мақсұтова З.Ә. Шығыс Қазақстан облысының өңірлік коммуникация қызметінде облысымыздың білім беру ұйымдарының жаңа 2023-2024 оқу жылына дайындығына ағымдағы жылдың 10-24 шілде аралығында өткізілген мониторингінің қорытындысы туралы ақпарат берді.
Мониторинг келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
- күрделі және ағымдағы (косметикалық) жөндеу жұмыстары;
- турникеттер мен дабыл түймелерінің болуы;
- спорт залдарының, асхананың және пән кабинеттерінің болуы;
- Интернет жылдамдығы.
Шығыс Қазақстан облысында 350 мектеп бар. Оның ішінде ағымдағы жылдың 22 шілдесіндегі жағдай бойынша. 204 мектепте ағымдағы косметикалық жөндеу жұмыстары аяқталған, бұл мектептер жаңа оқу жылының басталуына дайын. Қалған мектептерде ағымдағы және косметикалық (сырлау, әктеу) жөндеу жұмыстары жалғасуда, аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың 25 тамызына дейін бітетіні күтүлуде.
Проблемалық мектептер бақылауға алынды және ағымдағы жылдың тамыз айында қорытынды мониторинг жүргізіледі.
Қорытынды мониторинг нәтижелері туралы қосымша ақпарат береміз.
Оқиға күні
04 тамыз 2023
Өткізу орны
Служба региональных коммуникаций ВКО
Оқиға түрі
Пресс-конференция