2023 жылы мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарына семинар өткізілді


Департамент басшысы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Нұрланұлы Дәуеновтың басшылығымен 2023 жылы мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының директорларының, облыстың қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшыларының қатысуымен өткен семинарда баяндама жасады. Өз есебінде 2022 жылы білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестаттау қорытындыларын талдап, 2023 жылы білім беру ұйымдарын аттестаттауды өткізу бойынша міндеттерді айқындады. Е. Н. Дәуенов ҚР ПМ 2022 жылғы 5 желтоқсандағы №486 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарын бағалау критерийлеріне сәйкес семинар қатысушыларынды негізгі жаңалықтармен таныстырды: - бағаланатын кезең - осы бақылау басталғанға дейін бір ай бұрын өткен 2 оқу жылы және ағымдағы оқу жылы; - аумақтық департаменттердің қызметкерлері онлайн форматта педагогтерден, білім алушылардың ата-аналарынан (заңды өкілдерінен) сауалнама жүргізу арқылы ұсынылатын білім беру қызметтеріне қанағаттану деңгейін анықтайды; - білім берудің барлық деңгейлері бойынша сабақ қызметінің бейне мазмұны алынып тасталды. Сонымен қатар, Комитет Төрағасы өзін-өзі бағалау нәтижелері бойынша есептің құрылымы мен мазмұны анықталғанын түсіндіріп жеткізді. Семинар қатысушылары барлық сұрақтарға жауап алды.
09 қаңтар 2023
Семинар