Брифинг

Брифинг

Құрметті Ұлытау облысының тұрғындары, ата-аналар, педагогтар мен брифингке қатысушылар, журналистер!

 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлының білім алушылардың сапалы білім алу құқығын қамтамасыз етуді бақылау мақсатындағы тапсырмасына сәйкес білім беру ұйымдарының жаңа 2023-2024 оқу жылына дайындығына кешенді мониторинг жүргізілді.

Мониторингпен Ұлытау облысының орта білім беретін 88 мектептерінің барлығы толық қамтылды.

Мониторинг жүргізуге «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Ұлытау облысы бойынша филиалының қызметкерлері тартылды.

Қазіргі уақытта облыс бойынша 2 мемлекеттік мектепте, атап айтқанда Жезқазған қаласының Қ.И. Сатпаев атындағы №7 мектеп-лицейі, Қаражал қаласының  №6 жалпы білім беретін орта мектептебінде күрделі жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімдері 25 - 31 тамыз аралығында жоспарлануда.

Биылғы оқу жылында Жезқазған қаласының Қабанбай батыр ықшам ауданынан №13-ші жалпы білім беретін мектебіне  автобуспен 135 оқушыны 8 рет тасымалдау арқылы оқыту жоспарланып отыр (негізгі жаңалық биылғы оқу жылы мектепке жеке автобус беріліп отыр).

Сонымен қатар, Жезқазған қаласының №9 мектеп-интернатында 16 оқушы жатып оқитыны жоспарланып отыр (1-ші ауылдан, шалғайда тұратын фермалардан, разъездерден және дачалардан).

Теректі станциясының №6 негізгі орта мектебінің жаңа ғимаратының салуын жалғастыру жоспарланып отыр. Мектеп оқушылары уақытша  клубта және бастауыш мектепте оқытылады: барлығы 57 бала.

Жылыту қазандықтары бар мектептерде - жылыту қазандықтары сыртқа 100 % шығарылған.

Ұлытау облысы бойынша әлі де күрделі жөндеу  жүргізілмеген мектептердің бар екенін атап өткен жөн.

Алдынғы уақытта күрделі жөндеу жұмыстарын қажет ететін Жезқазған қаласындағы №4, 13 мектептер, Сатпаев қаласында №27 мектеппен №4 мектеп-лицейі, Қаражал қаласындағы №10,11,30 мектептер, Ұлытау ауданында Байқоныр ауылының №17 жалпы білім беретін мектебі, Жаңаарқа ауданы бойынша Қараағаш БМ, Қызылжар ЖББМ (жергілікті атқарушы органдармен жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеу, қаражат бөлу жоспарланып отыр).

Бүгінгі күні Жаңаарқа ауданына қарасты Ералиев ауылының мектебінде  санитарлық тораптар септикке қосылмағандықтан оқушылар жылы санитариялық тораптарды пайдаланбайды, Білім бөлімі тарапынан 25 қыркүйекке дейін іске қосуға жұмыстар жүргізуде (Мемлекетік сатып алу порталына хабарландыру берілгені туралы 2023 жылдың 14 тамызындағы №672 хаты бар).

Мектептердің білім беру қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес спорт залымен жабдықталуы қажет, шағын жинақты мектептер үшін бейімделген спорт залының болуы рұқсат етіледі, алайда 10 мектепте спорт залы қарастырылмаған:

Сатпаев қаласында:1 (№7 жалпы білім беретін мектебінде бейімделген спорт зал);

Қаражал қаласында:1 (№5 бастауыш мектебінде);

Жаңаарқа ауданы бойынша: 8 (А.Сейдімбек атындағы ЖББМ, Көктал ЖББМ, Ақтайлақ НОМ, Айнабұлақ НОМ, Манадыр НОМ, 135 НОМ, 140 НОМ, Кенжебай-Самай НОМ)

Ақтүбек ЖББМ жанынан спорттық зал 2021 жылдың қыркүйек айынан салынуда

Құрылыс жұмыстары 70% аяқталды.

 

Оқушылардың ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі  басты назарда, биылғы жылы жеке асхананың болмауына байланысты 6 мектепте оқушыларға тек буфеттік тамақтандыру ұйымдастырылған:

Жезқазған қаласында-1(Кешкі мектепте 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап ұйымдастырылады),

Қаражал қаласында -1 (№5 бастауыш мектебінде);

Ұлытау ауданында-2  (№5, №12 негізгі орта мектебі);

Жаңаарқа ауданында-4  (Байғұл БМ, Жомарт БМ, 69 БМ, Қараағаш БМ).

 

Департамент тарапынан осы мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар берілуде, атап айтқанда, мектептерде ыстық тамақпен қамтамасыз етуді сапалы ұйымдастыру, шағын жинақты мектептерде бейімделген спорт залын қарастыру, мүлдем спорт залы жоқ  мектептерде құрылысты жоспарлау және т.б.

Оқу-ағарту министрлігі тарапынан әкімдікке оқу жылы басталғанға дейін, сондай-ақ жөндеу жұмыстары әзірше аяқталмаған білім беру ұйымдары бойынша қатаң бақылауға алып, жүйелі түрде қадағалау ұсынылды.

Министрлік тарапынан күнделікті білім беру ұйымдарында жөндеу жұмыстарының жүргізу барысы қадағаланып отыр.

Жүргізіліп отырылған мониторинг оқушыларға сапалы білім берудің және білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындық деңгейін арттырудың негізгі құралы болып табылуда.

Осыған орай, Департамент мектептердің жаңа оқу жылына дайындығының мониторингісін жалғастырады және атқарылған жұмыстар бойынша қосымша ақпарат Департаменттің ресми сайтында, әлеуметтік желіде жарияланатын болады.

Назарларыңызға рахмет!