Азаматтарды қабылдау

Азаматтарды қабылдау
0

2024 жылдың 25 желтоқсанында Ұлытау облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің (бұдан әрі - Департамент) басшысы Г.Н. Жакупбекованың Ұлытау облысындағы білім беру саласының қызметі бойынша азаматтарды жеке қабылдауына екі адам қатысты.

         Қабден Шыңғысов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінің оқу-ісі жөніндегі мектеп директорының орынбасары жұмысын атқарған                 З.С. Алиаскарова Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің "Қабден Шыңғысов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімшілігіне қарасты мәселелерді қозғады.

  Г.Н. Жакупбекова  Департаменттің құзырлығындағы іс-әрекеттерге тоқтала отырып, негізгі сұрақтың шешу жолдары жайлы сұхбаттасу жүргізді.

        «№21 жалпы білім беретін мектебінің зейнеткері А.Б. Нурсағиева Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «№21 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімшілігінің қызметтік ахуалына қатысты мәселелерді көтерді.

     Г.Н. Жакупбекова мектептің әкімшілік құрамымен байланысты туындаған жағдайлар және мектеп директоры Ш.Н. Тасмурзаеваның жұмыс атқару барысындағы іс-әрекеттері жайлы қойылған сұрақтарды назарға ала отырып, зерделеу арқылы, жауап берілетінін айтып өтті.