Мектепке дейінгі ұйымдарды аттестаттауға дайындық: ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

Мектепке дейінгі ұйымдарды аттестаттауға дайындық: ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

 

 
Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 2026 жылы білім беру ұйымдарын аттестаттау мәселелері бойынша мектепке дейінгі ұйымдар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында мектепке дейінгі ұйымдардың өкілдеріне аттестаттауды өткізу тәртібі, қойылатын талаптар және білім беру қызметінің сапасын бағалау мәселелері бойынша түсіндірме берілді.
Аталған жұмыстар мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын арттыруға, ұйымдардың аттестаттауға дайындығын қамтамасыз етуге және қолданыстағы талаптарды дұрыс түсіндіруге бағытталған.