Мектеп формасына қойылатын талаптар бойынша түсіндіру жұмысы

Мектеп формасына қойылатын талаптар бойынша түсіндіру жұмысы
0

Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Сәтбаев қаласының орта білім беру ұйымдарының директорларымен міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.

Кездесу барысында білім алушылардың мектеп формасына қойылатын негізгі талаптар, белгіленген нормаларды сақтау және білім беру процесін ұйымдастыру кезінде қолданыстағы талаптарды басшылыққа алу мәселелері түсіндірілді.

Сонымен қатар, білім алушылар мен ата-аналардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау, сондай-ақ білім беру ұйымдары тарапынан негізсіз талаптарға жол бермеу қажеттігіне назар аударылды.

Департамент білім беру саласындағы заңнама талаптарын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастырады.