Әдеп нормаларын сақтау – мемлекеттік қызметшінің басты міндеттерінің бірі

Әдеп нормаларын сақтау – мемлекеттік қызметшінің басты міндеттерінің бірі
0

Жоспарға сәйкес, Департаментте мемлекеттік қызметшілер арасында қызметтік әдеп нормаларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын сақтау, қызметтік міндеттерін адал әрі жауапкершілікпен орындау, азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік пен сыпайылық таныту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері түсіндірілді.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдеп қағидаттарын күнделікті қызмет барысында сақтау және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.