Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес отырысы өтті

Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес отырысы өтті
0

Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес отырысы өтті.

Отырыста педагогикалық әдеп нормаларын сақтау, «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңы талаптарын орындау, әдеп нормаларын бұзудың алдын алу, сондай-ақ педагогтердің кәсіби беделі мен қызметтік мәдениетін арттыру мәселелері қаралды.

Жиында Ұлытау ауданының білім бөлімінің басшысы Б.К. Абдраимов аудан бойынша атқарылған профилактикалық жұмыстардың қорытындысы туралы баяндады. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарының Әдеп жөніндегі кеңес төрағалары өз жұмыстарын қорытындылап, атқарылған іс-шаралар мен алдағы міндеттерге тоқталды.

Кеңес барысында педагогикалық әдеп қағидаларын сақтау және білім беру ұйымдарында қолайлы әрі кәсіби орта қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.