Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді

Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде жұмыс жоспарына сәйкес қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауы, заң талаптарын орындауы, қызметтік өкілеттіктерін жеке мақсатта пайдалануға жол бермеуі, мүдделер қақтығысының алдын алу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мәселелері түсіндірілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтегі адалдық, ашықтық, әділдік және парасаттылық қағидаттарының маңыздылығы атап өтілді.
Түсіндіру жұмысының негізгі мақсаты – қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын нығайту.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – баршамыздың ортақ міндетіміз!