«ҚҰНДЫЛЫҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН БІЛІМ: САПА, САБАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР»
Ұлытау облысының білім басқармасы мен Әдістеме орталығының ұйымдастыруымен «Шабыт» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығында педагогтердің облыстық Тамыз кеңесі аясында секциялық отырыс өтті.
Секциялық отырысты Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г. Жакупбекова ашып, педагогтерге ізгі тілегін білдірді. Өз сөзінде білім сапасын қамтамасыз етудегі педагогтің кәсіби жауапкершілігіне, ұстаз еңбегінің маңыздылығына және білім беру саласындағы өзекті міндеттерге тоқталды.
Іс-шара барысында білім беру саласындағы өзекті мәселелер қамтылып, педагог мәртебесі мен педагогикалық әдеп, білім сапасын басқару, цифрлық трансформация және жасанды интеллект, инклюзивті білім беру, көшбасшылық, кәсіби даму және техникалық-кәсіптік білім берудің стратегиялық бағыттары талқыланды.
Отырыста Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы Д. Жолдыбаева «Педагог мәртебесі және білім беру ұйымдарындағы педагогикалық әдеп: құқық, жауапкершілік және рәсімдік тәртіп» тақырыбында баяндама жасап, педагог мәртебесі мен педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің қызметін ұйымдастырудың негізгі мәселелеріне тоқталды.
Секциялық отырыс педагогтердің кәсіби дамуына, тәжірибе алмасуына және жаңа оқу жылына арналған басым бағыттарды айқындауына мүмкіндік берді.
Сапалы білім – кәсіби педагогтен басталады!
Качественное образование начинается с профессионального педагога!