ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ БОЙЫНША МОНИТОРИНГ ЖАЛҒАСУДА

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ БОЙЫНША МОНИТОРИНГ ЖАЛҒАСУДА
0

Жаңа оқу жылына дайындық аясында Жаңаарқа ауданының 12 білім беру ұйымына, сондай-ақ Қаражал қаласының №10 және №30 мектептеріне мониторингтік жұмыстар жүргізілді.

Мониторинг барысында білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы келесі бағыттар бойынша зерделенді:

материалдық-техникалық базаның жай-күйі;
қауіпсіздік және өртке қарсы талаптардың сақталуы;
санитарлық-гигиеналық жағдай;
педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілуі;
оқулық, оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету;
білім беру процесін ұйымдастыруға қатысты өзге де талаптардың орындалуы.

Зерделеу нәтижесінде анықталған кемшіліктер бойынша білім беру ұйымдарының басшыларына нақты ұсыныстар мен әдістемелік ұсынымдар беріліп, оларды қысқа мерзімде жою жөнінде тапсырмалар жүктелді.

Қазіргі таңда білім беру ұйымдарында анықталған кемшіліктерді жою және жаңа оқу жылына сапалы дайындық жұмыстарын аяқтау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Мониторинг қорытындылары бойынша берілген ұсыныстардың орындалуы бақылауда болады.