Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында қызмет көрсету және білім саласы бойынша өңірлік кеңестің кезекті отырысы өтті

2026 жылғы 3 шілдеде Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында қызмет көрсету және білім саласы бойынша өңірлік кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңес барысында білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар өкілдерінің ұсыныстары тыңдалды.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе – мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласындағы жекеменшік ұйымдарды лицензиялау мәселелері болды.
Аталған мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысы Жакупбекова Гаухар Набиевна баяндама жасап, лицензиялау талаптары, заңнамадағы өзгерістер және оларды іске асыру тетіктері туралы ақпарат берді. Кеңес мүшелері кәсіпкерлер тарапынан туындайтын өзекті сұрақтарды талқылап, пікір алмасты.
Екінші мәселе аясында жекеменшік білім беру ұйымдары үшін қызмет түрлерін ЭҚЖЖ (ОКЭД) бойынша нақтылау және жеке секторды бөлек қарастыру мәселесі қаралды.
Бұл тақырып бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Онгаркулова Жанар Онгаркуловна баяндама жасап, ЭҚЖЖ (ОКЭД) жіктемесін нақтылау қажеттілігі, жекеменшік білім беру ұйымдарының қызметін жүйелеу және жеке секторды бөлек қарастырудың маңыздылығы жөнінде баяндады.
Сонымен қатар, кеңес отырысында әртүрлі сұрақтар мен ұсыныстар қарастырылып, қатысушылар білім беру саласын дамытуға қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.
Кеңес қорытындысы бойынша көтерілген мәселелер назарға алынып, оларды заңнама шеңберінде шешу және уәкілетті мемлекеттік органдарға тиісті ұсыныстар жолдау жөнінде келісімге келінді.