30 маусым 2026 жылы Ұлытау облысы әкімдігі жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырысқа Ұлытау облысының білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г. Жакупбекова қатысты.
Комиссия отырысында:
- мектептер мен колледждердегі білім алушылар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, психологиялық қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру;
- жасөспірімдер арасындағы буллингтің (кибербуллингтің) және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, балалардың құқықтарын қорғау бағытындағы мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы;
- жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның ішінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, су айдындарындағы және демалыс орындарындағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды.
Департамент балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру бағытында мүдделі мемлекеттік органдармен бірлескен жұмысты жалғастырады.