«Әлеуметтік әріптестік – білім беру саласы қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қорғаудың негізі» тақырыбындағы республикалық семинар-кеңес

«Әлеуметтік әріптестік – білім беру саласы қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қорғаудың негізі» тақырыбындағы республикалық семинар-кеңес
Бүгін Жезқазған қаласында «Әлеуметтік әріптестік – білім беру саласы қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қорғаудың негізі» тақырыбындағы республикалық семинар-кеңес өтті.
Семинар-кеңеске ұйымдастырушылардың шақыруымен Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гаухар Нәбиқызы Жакупбекова қатысты.
 Іс-шара барысында білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестікті дамыту, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау, еңбек қатынастарын жетілдіру және өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, саладағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Мұндай кездесулер білім беру ұйымдарындағы тиімді әріптестікті дамытуға, қызметкерлердің құқықтарын қорғауға және кәсіби байланысты нығайтуға ықпал етеді.