Рақымшылық жасау туралы Заң жобасын іске асыру мәселелері талқыланды

2026 жылғы 17 маусымда ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті ұйымдастырған кеңеске мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы Заң жобасын іске асыру мәселелері, әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша іс жүргізуді тоқтату және әкімшілік жазадан босату тәртібі талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша қатысушыларға заңнаманы біркелкі қолдану және рәсімдерді уақытылы ұйымдастыру бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.
Қызмет бағыты