Колледждердің мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру мәселелері бойынша кеңейтілген отырыс өтті

Колледждердің мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру мәселелері бойынша кеңейтілген отырыс өтті

16.06.2026 жылы Ұлытау облысындағы 14 колледждің мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру мәселелері бойынша кеңейтілген отырыс өтті.
Жиын барысында мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру, өңірдің еңбек нарығына қажетті мамандар даярлау, колледждердің қабылдау жоспары мен білім беру бағдарламаларының өзектілігі талқыланды. Сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ұсыныстары қарастырылып, алдағы оқу жылына арналған негізгі бағыттар айқындалды.
Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын тиімді орналастыруға және сұранысқа ие кадрларды даярлауға бағытталған бірқатар шешімдер қабылданды.