Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесте кездесу өткізілді

Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесте кездесу өткізілді

2026 жылғы 13 мамырда Сәтбаев қаласының №16 жалпы білім беретін мектебінде Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің ұйымдастыруымен педагогикалық қауымдастықпен кездесу өткізілді.
Кездесу «Білім беру жүйесінде конституциялық қағидаттарды ілгерілету – білім сапасын арттыру мен құқықтық қорғалуды қамтамасыз етудің факторы» тақырыбына арналды.
Жиын барысында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістерге Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г.Н. Жакупбекова, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлытау облысы бойынша филиалының тренері, экономика ғылымдарының кандидаты А.С. Нуртазинова, Ұлытау облысының білім, ғылым және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының жетекші маманы М.Қ. Ерназаров, Сәтбаев қаласы Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназия директорының орынбасары, тарих пәнінің мұғалімі Л.А. Беисова кеңінен тоқталды.
Кездесу барысында педагогтар тарапынан сұрақтар қойылып, пікір алмасу ұйымдастырылып, бірқатар ұсыныстар айтылды. Ашық диалог форматында өткен жиын білім беру жүйесіндегі құқықтық мәдениетті арттырудың маңыздылығын көрсетті.
Іс-шараға Кеңес мүшелері, Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің өңірлік өкілі, педагогикалық қауымдастық және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.