Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде азаматтарды қабылдау

Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде азаматтарды қабылдау

Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Жақыпбекова азаматтарды жеке қабылдап, оның барысында білім беру саласындағы өзекті мәселелер қаралды.

Қабылдауға «Ғалым Жарылғапов атындағы аграрлық колледж» КММ директоры Әділханова Гүлнар Ғазымовна және Жезқазған қаласының №13 жалпы білім беретін мектебінің директоры Оразова Гүлбану Хамидоллиновна жүгінді.

Әділханова Гүлнар Ғазымовна жаңа мамандық ашу, сондай-ақ лицензияға қосымша алу үшін құжаттарды тапсыру тәртібі бойынша мәселелер көтерді. Аталған мәселелер бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсіндірмелер беріліп, алдағы іс-қимыл алгоритмі айқындалды.

Оразова Гүлбану Хамидоллиновна білім алушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеу мәселелері бойынша жүгінді. Қабылдау барысында тиісті түсіндірмелер мен ұсынымдар берілді.

Барлық өтініштер белгіленген тәртіпте қаралып, жекелеген мәселелер бақылауға алынды.