2025 жылдың ІІ жартыжылдығындағы профилактикалық бақылаудың қорытындысы

2025 жылдың ІІ жартыжылдығындағы профилактикалық бақылаудың қорытындысы

Қараша айында өңір мектептерінде профилактикалық бақылау жүргізілді

Бекітілген жоспарға сәйкес қараша айында төрт білім беру ұйымында профилактикалық бақылау өткізілді:

  • Ұлытау ауданы – №8 және №14 мектептері;
  • Жаңаарқа ауданы – О. Жұмабеков атындағы ОШ;
  • Қаражал қаласы – №30 мектеп.

Іс-шара барысында сондай-ақ білім беру ұйымдарын қайта аттестаттау жүргізілді. Қайта аттестаттау нәтижесі бойынша Ұлытау ауданының №8 мектебі аттестаттаудан өте алмады.

Білім беру сапасын арттыру және мемлекеттік талаптардың сақталуын қамтамасыз ету жұмыстары жалғасады.