Ұстаздар күнімен құттықтаймыз!

Бүгін Ұлытау облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Ұстаздар күніне арналған салтанатты іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында білім беру саласының үздік сарапшылары мен Педагогикалық этика жөніндегі комиссия мүшелері марапатталды.
Департамент атынан кәсібилігіңізге, өз ісіңізге адалдығыңызға және білім беру жүйесінің дамуына қосқан үлесіңізге алғысымызды білдіреміз.
Сіздердің еңбектеріңіз жас ұрпаққа шабыт беріп, қоғам үшін үлгі бола берсін!