Білім беру ұйымдарында оқушыларды тасымалдауды ұйымдастыру

Білім беру ұйымдарында оқушыларды тасымалдауды ұйымдастыру

2025 жылдың 17-18 қыркүйек аралығында Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті білім беру ұйымдарында оқушыларды тасымалдауды ұйымдастыру жұмыстарының жағдайын анықтау мақсатында бару арқылы мониторинг жүргізді.

Облыс бойынша жалпы – 16 мемлекеттік білім беру ұйымында 1194 білім алушыға тасымалдау ұйымдастырылған.

Мониторинг жүргізілген барлық  білім беру ұйымдарына орын алған кемшіліктер бойынша әдістемелік көмек көрсетілді. Бұзушылықтарды жою жұмыстары жүргізілу керектігі атап тапсырылды.