Жаңа оқу жылы қарсаңындағы Сәтбаев қаласы мектептерінің педагогикалық кеңесі

Жаңа оқу жылы қарсаңындағы Сәтбаев қаласы мектептерінің педагогикалық кеңесі

Жаңа оқу жылы қарсаңында Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Сәтбаев қаласындағы «С. Сейфуллин атындағы гимназия», «Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» және «№7 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де өткен №1 педагогикалық кеңестерге қатысты.

Мектептер педагогикалық кеңес барысында жаңа оқу жылына арналған міндеттерді айқындап, мемлекеттік білім беру саясатына сай келетін жоспарлар мен шешімдерді талқылап, бекітті. Қабылданған шешімдер хаттамаға енгізіліп, алдағы жұмыстың негізі ретінде нақты жоспарға айналды.