ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС – 2025–2026 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС – 2025–2026 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

25 тамыз 2025 ж. күні Ұлытау облысы білім басқармасының "Жезқазған қаласы білім бөлімінің №11 жалпы білім беретін мектебі" КММ базасында жаңа оқу жылына арналған №1 педагогикалық кеңес өтті.

Кеңес жұмысына Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г. Жакупбекова арнайы қатысты.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер:
▪️ 2025–2026 оқу жылындағы білім беру ұйымының басым бағыттары;
▪️ Жылдық жұмыс жоспарын бекіту;
▪️ Ұйымдастырушылық-шаруашылық қызметтің өзекті мәселелері.

Кеңестің басты мақсаты – мемлекеттік білім беру саясатының басымдықтарын түсіндіру, педагогикалық ұжымның алдағы оқу жылына арналған міндеттерін нақтылау болды.

Негізгі бағыттар:

  • «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру;
  • Білім сапасын арттыру мен функционалдық сауаттылықты дамыту;
  • Оқу процесіне жасанды интеллект элементтерін енгізу;
  • Педагогтің мәртебесін арттыру, құқықтарын қорғау;
  • Қауіпсіз және инклюзивті білім беру ортасын қамтамасыз ету.

Кеңес барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тамыз конференциясындағы сөзінен бейнематериал ұсынылып, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің жаңа стратегиялық бағыттары талқыланды.

Кеңес соңында барлық ұсыныстар мен шешімдер ашық дауыс беру арқылы қабылданып, хаттамаға енгізілді.

Жаңа оқу жылы – жаңа бастамалармен!