Ұстаздар арасында қазақ күресінен республикалық «Тау барысы – 2025» жарысы

2025 жылғы 29 сәуірде Ұлытау облысы білім басқармасы мен Ұлытау облысының білім, ғылым және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының бастамасымен, Ұлытау ауданы әкімдігінің қолдауымен ұстаздар арасында қазақ күресінен республикалық «Тау барысы – 2025» жарысы өтті.
Жарыстың ашылу салтанатында Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г. Жакупбекова құттықтау сөз сөйледі.