2025 жылдың 25 сәуірінде Ұлытау облысының білім саласындағы кәсіподақ ұйымдарының төрағаларымен кездесу

ЫҢТЫМАҚТАСТЫҚ ШАҢЫРАҒЫ
Бүгін, яғни 2025 жылдың 25 сәуірінде Ұлытау облысының білім саласындағы кәсіподақ ұйымдарының төрағаларымен кездесу өтті.
Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г. Жакупбекова кәсіподақ ұйымдарының тарапынан білім ұйымдарындағы кәсіподақ мүшелерiнiң кәсіби, әлеуметтік-еңбек және олармен байланысты экономикалық мүдделері мен құқықтарын қорғау барысында педагогикалық әдептің сақталуы бірге жүру қажеттілігіне тоқталып өтті.
Кеңесте «Ұлытау облысының білім, ғылым және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.С. Қонырбаев пен департамент басшысы Г.Н. Жакупбекованың тарапынан педагогтердің ерекше жағдайына қол жеткізу және оны сақтап-тұру, олардың мәртебесін бекіту, сондай-ақ құқықтық-әлеуметтік жағдайын арттыру барысында негізгі міндеттерді орындауға бағыттары аталып өтілді:
J педагогтерге әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету;
J педагогтердің өздеріне тән емес функцияларды жүзеге асыруына шектеу қою;
J педагогтердің ғылымның, техниканың және мәдениеттің жаңа жетістіктері негізінде өз білімін жетілдіруі;
J педагогтердің педагогтік әдеп ережелерін сақтауы.
Ұлытау облысының білім саласындағы кәсіподақ ұйымдарының төрағаларымен Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті алдағы уақытта атқарылатын іс-шараларды бірлесіп іске асыру жолдарын айқындады.