Білім сапасын арттыру

Білім сапасын арттыру

2025 жылдың 1 сәуірінде Ұлытау облысы әкімінің орынбасары З.Ақылбекованың  төрағалығымен өткен мәжіліске Жезқазған қаласы білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы туралы Жезқазған қаласы білім ұйымдарының барлық басшылары қатысты.

Алғашқы сөзінде З.Ақылбекова мәжіліске қатысушыларға мақсат қойды:  білім жүйесінің сапасына сын көзбен қарап, білім беру нәтижесін жақсартудың жан-жақты жолдарын айқындауды және терең білім, іскерлік дағды, кәсіби біліктілік кез-келген ұстаздың күнделікті іс-әрекетіне енгенде ғана қабілетті тұлға, жан-жақты заман талабына сай, дүниетанымдық қасиеті дамыған, сыни тұрғысынан ойлауды көздейтін оқушыға сапалы білім берілетініне мән беру.

Жезқазған қаласы білім бөлімінің басшысы Ж.Е. Альмағанбетов білім бөліміне қарасты білім ұйымдары бойынша  білім беруді дамыту бағытында атқарылған жұмыстардың қорытындысы мен алға қойылған жоспары туралы ақпарат берді.

Ұлытау облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г.Н.Жакупбекова Ұлытау ауданы білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестаттаудан өтуі, мемлекеттік бақылау қорытындыларына тоқталып, оқыту нәтижесін жақсарту үшін атқарылуы қажетті іс-шараларға назар аударды.

Ұлытау облысының әдістемелік орталығының директоры Ы.Т.Ермаганбетова Ұлытау ауданы  білім беру ұйымдарындағы оқу мен оқыту сапасын талдап,  кадрлық әлеует, білім сапасы, сыртқы бақылауға тоқталып өтті.

Қорыта келе, З.Ақылбекова тарапынан Жезқазған қаласы білім бөлімінің әдістеме кабинетінің меңгерушісі М. Сейтбекке, бас маманы Г.Раисоваға білім беруді дамыту бағыты бойынша жүйелі оқу-әдістемелік көмек көрсету,  үздіксіз білім беру сапасын арттыру бағытындағы жұмысты  жандандыру туралы, Жезқазған қаласы білім беру ұйымдарының басшыларына білім саласында сапалы нәтижеге жетуге бағыт-бағдар берілді.