Облыстық колледж директорларымен кеңес

Облыстық колледж директорларымен кеңес
0

Қазіргі заманғы еңбек нарығы талапкерге болашақ мамандық пен білім деңгейін таңдау мүмкіндігін ұсынатын бейінді білім беру мекемесі ретінде колледждің сапалы жаңа дамуына әкеледі дегендей, біздің Ұлытау облысымызда 15 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары жұмыс атқарады.

2025 жылдың 5 наурызында Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті облыстық колледж директорларымен кеңес өткізді: Жезқазған, Сәтбаев қалаларымен оффлайн, Қаражал қаласы, Ұлытау, Жаңаарқа аудандарымен онлайн форматында.

Жоспарға сәйкес «Білім беру қызметіне лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету, Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес жұмысын ұйымдастыру және бақылау, Ұлттық білім беру деректер базасын дұрыс толтыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жиын барысында колледж ғимараттарының қазіргі жағдайы, олардың материалдық-техникалық жарақтандырылуы, оқу қызметіндегі жаңалықтар мен түйткілді мәселелер талқыланды.

Колледж директорлары ашық пікір талас кезінде студенттерді оқыту барысында білім сапасын және практикалық дағдылардың қолжетімділігін арттыру бойынша өз ұсыныстарын білдірді.